Ақтөбе облысында құрдастарын себепсіз ұрып-соққан бір топ бала анықталды деп хабарлайды turkystan.kz.
Polisia.kz жазуынша, 28 сәуірде әлеуметтік желілерді мониторинг жұргізу барысында бір топ бала өз құрдастарын ұрып-соғып видео табылды.
Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алға қаласында Niva автокөлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмаған жасөспірім құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықталды.
Оқиғаға қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.
https://turkystan.kz/article/221546-aktobede-bir-top-bala-zhasospirimdi-ayausyz-urgan/