Ақтөбе — Шарм-эль-Шейх рейсіндегі ұшақта жолаушы қайтыс болды

Ақтөбеге Мысырдың басты туристік қаласы Шарм-эль-Шейхтен келген ұшақта жолаушы қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

Tengritravel.kz сайтының мәліметінше, әуе кемесі Ақтөбеге 15 сәуірде шамамен 18:00-де қонған, оқиға бортта болған.

«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының» басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, ұшақ қонған кезде жігіт ата-анасына киініп келетінін айтқан, осы кезде қайтыс болаған екен.

«Жолаушының Уфа тұрғыны деген мәлімет бар» деп жазды басылым.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Ол 12 минутта жетті. Дәрігерлердің айтуынша, ұшақта ер адам қимылсыз жатқан. Ол дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған, себебі әзірге белгісіз.

Туыстары оның денесін өз еліне алып кеткен.

https://turkystan.kz/article/220113-aktobe-sharm-el-sheyh-reysindegi-ushakta-zholaushy-kaytys-boldy/

Comments (0)
Add Comment