Жол апаты 21 ақпан күні Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында болды деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
«Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі – 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды. 31 жастағы жұбайы және 2015, 2017 және 2020 жылғы үш кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – делінген хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.