Фото: pixabay.com
Құдыққа құлап кеткен екі әріптесін құтқаруға барған тағы екі жұмысшы есінен танып, ауруханаға түскен.
Оқиға Ембі қаласында болған. Қаладағы бес кәріз сорғысы бекетінің бірін жөндеуге барған жұмысшы сыртқа шықпай қалған. Артынан марқұмның 58 жастағы әріптесі кіреді. Бірақ екеуі де иіске уланып, тіл тартпай кеткен. Кейін кәріз бекетіндегі есінен танғандарға жәрдем бермекші болған 46 және 53 жастағы жұмысшылар да ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы қазір тұрақты дейді дәрігерлер.
«Кәріз жүйесіне жөндеу жүргізіп жатқан 1966 жылғы екі азамат қаза болды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мекеме тарапынан қаза болған жұмысшылардың отбасына материалдық-моральдық көмек көрсетілетін хабарлай отырып, отбасына қайғырып көңіл айтамыз”, – дейді «Ембі жылу» КМК бас инженері Алтынбек Манабаев.
Еске салсақ, Алматы облысында 9 жастағы қыз жол бойында ашық жатқан тереңдігі 8 метр кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалған.
https://stan.kz/aktobe-oblisinda-kariz-beketinde-eki-zhymisshi-tynshigi-404912/