Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан тұрғын анықталды

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/264137-aqtobe-oblysynda-bulandy-zansyz-atqan-turgyn-anyqtaldy
Полицейлер 14 шілдеде Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында далалықта бұланға ұқсас жабайы жануарды сойып жатқан ер адамды анықтады.

Тексеру барысында 30 жастағы ауыл тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысып, бұланды атып алғанын айтты.

Күдіктінің Lada-21214 автокөлігінен тіркелген ойық ұңғылы карабин қаруы табылып, тәркіленді.

Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік құралы аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды. Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатқа құрметпен қарауға және жануарлар дүниесін қорғауға шақырады. Тәртіп сақшылары браконьерлік фактілері анықталған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Тэгтер:
Ақтөбе облысы бұлан
БӨЛІСУ:

Серіктес жаңалықтары
Ұқсас мақалалар

«Ішінде 5 адам болған»: Жасыбайда таудан көлік құлап кетті
Бүгін, 12:39

«Арқанға байлап, атпен сүйреген»: Жетісу облысында ер адам әйелін қатыгездікпен өлтріген
Бүгін, 11:55

Астанада жаңа әскери емхана ашылды
Бүгін, 11:51

Екібастұзда екі ірі кәсіпорын 1 миллиард теңгеден астам салық төлемеген
Бүгін, 11:43

Екатеринбург-Алматы тас жолында 4 адам қаза тапты
Бүгін, 11:35

Сотта Перизат Қайраттың анасының жағдайы нашарлап қалды
Бүгін, 11:06
Көп оқылған

Бүгін, 12:39
«Ішінде 5 адам болған»: Жасыбайда таудан көлік құлап кетті

Бүгін, 12:12
Әлихан Смайылов Президентке есеп берді

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264137-aqtobe-oblysynda-bulandy-zansyz-atqan-turgyn-anyqtaldy

Comments (0)
Add Comment