Ақтөбе облысында бір үйдің екі баласы суға батып кетті

Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің баласы, — деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Басылым мәліметінше, 30 тамызда Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен.

18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықта, 3 метр тереңдіктен табылды.

Сонымен қатар, кешкі сағат 19:30-да сол маңда 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кеткен.

«Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы», — делінген хабарламада.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу ережесін сақтауды ескертеді.

massaget.kz

Comments (0)
Add Comment