Фото: Видеодан скрин
Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген еді. Қылмыс жасаған күдікті екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.
Бұған дейін Алматы әуежайындағы жанжалға қатысы бар екінші күдікті ұсталған еді.