Ақтөбе облысында 2 жүк көлігі соқтығысты деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке cілтеме жасап.
Самара-Шымкент автожолының 1001 шақырымында Mercedes және Volvo екі жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан Mercedes автокөлігі өртеніп, оның жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды. Volvo автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
https://turkystan.kz/article/218152-aktobe-oblysynda-2-zhuk-koligi-soktygysyp-bir-adam-koz-zhumdy/