Ақтөбе қаласының күні аясында Ш.Берсиев көшесіндегі жерасты өткелі салтанатты жағдайда ашылды.
Бұл нысанды «TransMostGroup» ЖШС басшысы Төлеген Таңатаров қаланың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында және «Туған жерге тағзым» акциясының шеңберінде тарту еткен.
Жер асты өткелінің құрылысын жүргізуге көше қиылысындағы жол-көлік оқиғаларын қысқарту мақсаты себеп болғанын айтады мамандар. Сонымен қатар қала тұрғындарының, әсіресе, көше арқылы №8 мектепке баратын балалардың өмірін сақтауды қамтамасыз етуді көздейді.
Көпшілікке таныстырылған жаңа нысанның ұзындығы 23 метрді құраса, ені – 2,5 метр. Жер асты өткеліне брусчастка төселген. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі үшін мұнда бейнекамералар орнатылатын болады