Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді.
25 желтоқсан күні таңертең «Баку-Грозный» бағытындағы апатқа ұшыраған AZAL ұшағында оттегі баллоны жарылған. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді.
«AZAL әуе компаниясының ұшағындағы оттегі баллонының жарылысына қатысты мәліметтерді нақтылау қажет. Ростов ұшу жетекшісінен сағат 10:53-те түскен хабарламаға сәйкес, Ақтау мұнарасының ұшу жетекшісіне жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны және жолаушылардың есінен танып жатқаны туралы ақпарат берілген. Сондай-ақ қону сәтіне жедел жәрдем дайындау сұралған.
Осы ақпарат негізінде барлық төтенше қызметтер шұғыл түрде хабардар етіліп, дайындыққа келтірілді. Оқиғалардың хронологиясы Ростов ұшу жетекшісінің хабарламаларына сүйене отырып, брифинг барысында жарияланды. Алайда оқиғаның сипаты мен мән-жайын нақтылау үшін қосымша тергеу қажет», – делінген хабарламада.
фото: Маңғыстау облысы әкімдігі
https://turkystan.kz/article/253850-aktaudagy-apat-ushakta-ottegi-ballony-zharylgan