Ақтауда мектеп оқушысын бір топ бала жасөспірім соққыға жықты

 

Оқиға туралы видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған. Кадрлардан бірнеше бастауыш сынып оқушысының қатарластарына қол жұмсап, аяқпен тепкені көрінеді. Оқиға 19А ықшам ауданындағы №24 жалпы білім беретін орта мектептің шешіну бөлмесінде болғанға ұқсайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналар жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 435-бабы (Кәмелетке толмағандардың бұзақылығы) бойынша хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша ата-аналарға 7 АЕК (25 844 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған

Сонымен қатар жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізіліп, профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Ювеналды полиция болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмыстарын жалғастыруда.

Ақтау қаласының білім бөлімі өкілдерінің мәліметінше, оқиға 15 қарашада №24 мектепте болған.

Қазіргі уақытта мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полицияға шақырылып, болған жағдайға байланысты түсініктеме беруде. Барлық қатысушылар анықталып, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізілуде. Оқиға бақылауға алынғанын ведомство өкілдері мәлімдеді.

фото:видеодан кадр
https://stan.kz/news-409701/
Comments (0)
Add Comment