Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін түнгі сағат 01:10-да 3-шағын аудандағы ғимараттардың бірінде болған. Ер адамның үстінен лифт құлап, оқиға орнында көз жұмды.
«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбек қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) Ақтау қаласы полиция басқармасына тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», — деп хабарлады облыстық полиция.
https://stan.kz/aktauda-er-adamnin-ustinen-lift-kylap-okiga-orninda-koz-390138/