18 тамыз – Шекарашылар күніне орай «Ақсуат» шекара заставасының шекара қызметкерлері мен сарбаздарына мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Шекара сақшыларын ауылдық округ әкімі Хайралапов Көбейсін Есқалиұы, Ақтөбе ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Тажиханов Жарылқасын , ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің ардагері Жұмабаев Қошан Жайлауұлы, аудан әкімінің бас инспекторы Жексекеева Бақытгүл құттықтап, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болуын тіледі.
Ақтөбе округінің әкімі Хайралапов Көбейсін 22 жыл бұрын құрылған «Ақсуат» шекара бекетіндегі ел күзетінде жүрген шекарашыларды Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Жуалы ауданы халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының өнерпаздары жалынды әндерімен сарбаздардың рух пен жігерін оятты. Нүркен, Нұрбақыт Жаңабаевтар «Ағайын», «Атамекен» атты әуелеген әндерімен көңілдерін шалқытты.