АҚШ-тағы Флорида әуежайы қоршауға алынды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Форт-Лодердейл/Холливуд әуежайында күдікті пакет анықталып, оқиға орнына саперлер тобы жіберілді, делінген Бровард округі шерифінің Twitter-дегі парақшасында.

Иесі жоқ зат 4-ші терминалдың жанынан табылған. Құқық қорғаушылар әуежайдың кіреберістерін жауып, ғимаратқа ешкімді кіргізбей не шығармай отыр.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment