АҚШ-та киізден басылған бұйымдар дүкені ашылды

Ұлыбританиялық суретші Люси Спарроу Калифорнияда қойдың жүнінен жасалған бұйымдар сататын дүкен ашты, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz сілтеме жасап.

Бұл жерде тауарды қоятын сөреден бастап кассалық аппаратқа дейін киізден басылған. Лос-Анджелестің орталығында ашылған дүкенде 31 мыңнан аса тауар бар. Олардың әрқайсысы қолөнершінің қолынан ерекше ықыласпен жасалған.

Айта кету керек, естелік ретінде қолдануға болатын заттардың бағасы да қолжетімді.

Люси Спарроу, суретші:

— Маған ең маңыздысы – бұйымдардың қолжетімділігі. Осы дүкенді ашардағы негізгі идеялардың бірі – өнерге аса қызығушылық танытпайтын жандардың осында келіп, киізден жасалған бұйымдарды сатып алуы. Бұл дүкенге келген кез келген қонақ 30-50 доллар шамасында естеліктер сатып ала алады. Ешқандай көрмеде мұндай баға жоқ.
Источни

Comments (0)
Add Comment