Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты

Сабынды ауылындағы жарылыс салдарынан ғимарат толығымен қираған. Үйінді астынан ер адамның, әйел адамның және 12 жасар баланың мәйіттері табылды.

Тағы 16 адам жарақат алып, Астана қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйінді астынан құтқарушылар алты газ баллонын шығарды.

“Облыстық ТЖД құрамынан 30 құтқарушы мен 5 техника, сондай-ақ жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, психологтар мен кинологтар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр”, — деп хабарлады аймақтағы ТЖД.

Аймақтық департаменттің базасында жедел штаб құрылды.

фото:https://stan.kz/akmola-oblisindagi-meshitte-gaz-zharilip-ush-adam-kaza-409703/

Comments (0)
Add Comment