Ақмола облысындағы ауылға қызғылт қоқиқаздар ұшып келді (ВИДЕО)

instagram/serikbay_janybekov

Ақмола облысындағы Қорғалжын ауылына қызғылт қоқиқаздар ұшып келді. Жергілікті тұрғындардың бірі құстарды видеоға түсіріп алған.

«Қызыл кітапқа енген сирек құстардың бірі – алқызыл қоқиқаздар. Жазда ұшатын аз ғана өңірдің бірі – біздің Қорғалжын», – деді видео авторы Серікбай Жаныбеков.

Айта кетейік, қоқиқаздар көктемде еліміздің солтүстік өңіріндегі Теңіз көліне және Торғай өңіріндегі бірнеше көлге және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына ұшып келеді. Қазан-қараша айларында Иран, Ауғанстан, Пәкістанға ұшып кетеді. Қызғылт қоқиқаздың дене тұрқы жұмырланып келген, аяқтары мен мойыны ерекше ұзын болады. Олар – дүниежүзіндегі аяғы ең ұзын құстардың бірі.

https://turkystan.kz/article/244375-akmola-oblysyndagy-auylga-kyzgylt-kokikazdar-ushyp-keldi-video

Comments (0)
Add Comment