Қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау — Рузаевка тас жолында болған.
«Алдын ала анықталғандай, Lexus LS 430 мен DAF жанармай таситын көлік соқтығысып, жолаушылар көлігі өртеніп кеткен. Жол апатынан Lexus көлігінің 42 жастағы жүргізушісі, оның әйелі мен баласы оқиға орнында көз жұмды. Жанармай таситын көлік жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысындағы тасжолда Mercedes Benz және Mazda Cronos көліктері соқтығысқан жол апатынан екі адам қаза тапқан болатын. Шетелдік көліктердің бірін кәмелетке толмаған жасөспірім басқарғаны бұрын анықталған еді.
https://stan.kz/akmola-oblisinda-zhanarmay-tasitin-kolik-apatka-yshirap-386652/