Ақмола облысында тіл мектебінің лагері ұйымдастырылды

Өткен аптада Ақмола облысының Ақкөл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған Тіл мектебінің лагері ашылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Шараға еліміздің әр облыстарынан Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бірлестіктерінің өкілдері жиналды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Динара Жұманованың айтуынша, «ҚХА-ның жаңа жобасы этнос жастарын мемлекеттік тілді үйренуге, оның қыр-сырын білуге бағытталған…»

Бес күн бойы балалар әдіскерлермен, филологтармен бірге мемлекеттік тілді меңгеру дағдыларын жетілдірді, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеді, Ақкөл ауданының табиғи және мәдени объектілеріне экскурсия жасады.

Сонымен қатар, олар түрлі этностардың мәдениеті мен өнерінің ерекшеліктерімен танысып, түрлі конкурстарға, викториналарға, командалық ойындарға қатысады.

«Тіл мектебі жастардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Жазғы лагерьде алған білім балаларға өмір жолында көмектеседі деп сенемін, – деп атап өтті «Қоғамдық келісім» РММ басшысының орынбасары Аппаз Кемелев.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Алмаз Алин және «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғманов балаларға өз тілектерін білдірді.

https://stan.kz/akmolada-til-mektebinin-lageri-yyimdastirildi-370662/

Comments (0)
Add Comment