Әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджеттен миллиондаған қаржы жымқырылған

Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Диапазон» басылымының жазуынша, Ақсай ауылдық округі әкімдігінің қызметкері әкімнің ЭЦҚ кілті арқылы бюджеттен миллиондап ақша жымқырған. Қызметі бойынша оның екінші қол қоюға құқығы бар екені белгілі болды. Шенеунікте ауылдық округ әкімінің ЭЦҚ кілті болған. Ол 2020 жылдың сәуірінен 2022 жылдың желтоқсанына дейін әкімнің ЭЦҚ-сы арқылы бюджет ақшасын ұрлаған.

Шенеунік мемлекетке 14 миллион теңгеден аса шығын келтірген, делінген айыптау қорытындысы бойынша. Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар ақысы мен жалақысын төлеуге бақытталған. Ол бюджеттің тағы бір бөлігін серіктестіктер және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасасып, миллиондаған табысқа кенелген. Соңында алаяқтық жасағаны туралы айып тағылды.

Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды. Сонымен қатар ұрланған миллиондарды мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

 

https://turkystan.kz/article/227904-ekimnin-etsk-kilti-arkyly-byudzhetten-milliondagan-karzhy-zhymkyrylgan/
Comments (0)
Add Comment