«Әкімнің орынбасарымын»: Абақтыда отырған алаяқ ірі кәсіпкерге қоңырау шалып, 50 млн теңгесін қағып алған

А.Абдрахманов алаяқтық үшін абақтыда жазасын өтеп жатқан.

 istockphoto.com

Телефонды қолына түсіріп, «облыс әкімінің орынбасарымын» деп, Өскеменнің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау соққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Су тасқынының салдарын жою үшін жеңілдіктер мен преференциялар беремін» деген желеумен ірі кәсіпкерден 50 млн теңге алған.

Өскемен соты оған бұрынғы үкімін ескере отырып, жалпы 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

https://turkystan.kz/article/248346-kimnin-orynbasarymyn-abaktyda-otyrgan-alaiak-iri-k-sipkerge-konyrau-shalyp-50-mln-tengesin-kagyp-algan

Comments (0)
Add Comment