ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІНДЕ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өтті.
Әкімдік мәжілісі басталмас бұрын аудан әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Ермағанбетов Ерлан Дайрабайұлын аудан активіне таыстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Әкімдік мәжілісінің күн тәртібінде бірінші «Ауданның инвестициялық мүмкіндіктері және жаңа инвестициялық жобалар жоспары туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж. Сақыпбеков хабарлама жасады.
Күн тәртібінде «Қала мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларының (ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 және 505 баптары) сақталуы туралы» екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қ. Нарбеков баяндады.
Әкімдік мәжілісінде қосымша бір мәселе қаралды.
Қосымша қаралған «Мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу тапсырысының орындалуы туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ. Салимова хабарлама жасады.
Сонымен қатар, мәжілісте әкімдік мүшелерінің қатысуымен бірқатар аудан әкімдігінің қаулылары қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, сала басшыларын тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
https://www.facebook.com/100068552142069/posts/pfbid03UmmZ6aX6i2xGkGPBRn7CbLiHqDuzzi5svfVXdyDvsRnxRC4z3dXCT7Qaqn6fh7bl/?app=fbl
Comments (0)
Add Comment