Аудан әкімі Бақытжан Жәнібековтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте күн тәртібіне сәйкес әкімдікке қарасты бөлімдер мен ауыл әкімдерінің халықпен кері байланыс мәселесі қаралды. Жиында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Эльмира Асқарова баяндама жасап, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына қатысты мәліметтерді тілге тиек етті. Өз кезегінде аудан басшысы әкімдер мен бөлім басшыларының әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырып, ашықтық ұстанымына сүйене отырып тұрғындармен тікелей байланыс орнатуы керектігін ескертті.
Сондай-ақ, жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші мен өңірге инвестиция тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да қаралды. Қазіргі кезде ауданға инвестиция тарту жұмыстары жан-жақты талдануда. Бүгіннің өзінде бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда. Аталған жобалар толыққанды жүзеге асқанда тұрақты жұмыспен қамтылатын тұрғындар саны да, жергілікті қазынаға түсетін қаржы көлемі де артатын болады. Бұл ретте, Бақытжан Оразалыұлы жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.
Шу ауданы