«Әкемді құшақтап, 20 минут тоқтамай жыладым» – түрмеден шыққан актер

Ол сол сәттегі сезімді, бойындағы шексіз қуанышты өзге адамға сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес екенін, тек басынан өткізсе түсінетінін айтады

Жуырда түрмеден босап шыққан актер Асқар Жұмабек ата-анасымен, туған туыстарымен қауышқан сәттегі сезімі жайлы бөлісті.

Ulysmedia.kz мәліметінше, ТикТокта BALPODCAST арнасына берген сұхбатынан үзінді жариялаған актер ата-анасын құшақтап ұзақ жылағанын жеткізді.

“Жеттім-ау, деп ата-анамды армансыз құшақтадым. 15-20 минуттай тоқтамай көзден жас ақты. Әкем де түсінді, жылап алсын деген шығар. Далаға қарап жаттым да, үйге жеткенше әкем екеуіміз қол ұстасып келдік. Одан кейін үйден анам шықты, әпкем, інім шықты. Жаман қатты сағынған екен. Жүгіріп келіп секіріп, үстімнен түспей қойды”, – дейді Асқар Жұмабек.

Ол сол сәттегі сезімді, бойындағы шексіз қуанышты өзге адамға сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес екенін, тек басынан өткізсе түсінетінін айтады.

“Ол кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны сезініп көру керек шығар. Бірақ сол сезімді көрмей-ақ та қойыңдаршы. Керісінше, қазір әке-шешеміз бар кезде барынша қадірлеп, сыйлап, сол кісілерді қуантып, жыласа тек қана қуаныштан жыласа екен деймін”, деді актер.

фото: ernur.kz

https://turkystan.kz/article/254423-kemdi-ku-shaktap-20-minut-toktamai-zhyladym-turmeden-shykk-an-akter

Comments (0)
Add Comment