Белгілі әнші, сазгер Өктем Алтаев балалық шағы және отбасы туралы сыр шертті. Бұл туралы ол “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Әкем 34 жасында дүниеден озды. Анам 31 жасында жесір қалды. 5 ағайындымыз. Бірақ менің алдымдағы ұл шетінеп кеткен. Бір үйдің 4 ұлы болып, ержеттік. Әке тәрбиесін көрмедім. Бірақ әкем өмірлік бағыт-бағдар беретін жол салып кетті. Анамның арқасында әкесіз өскенім сезілген жоқ. Біздің азамат болып қалыптасуымызға көп еңбек сіңірді. Менің шыққан әулетім өнерлі болатын еді. Әжем Жаңыл “Қыз Жібек” дастанын жатқа оқыған. 1983 жылы “Алтаевтар ансамбілін құрдық. Туысқан әпкеміз диплом алып келіп, той жасаған. Ол кезде 9-сынып оқимын. Екі бауырыммен тойларға шығып ән айтатынбыз. Тобымыздың аты – “Гаухартас” еді. Диплом тойында асаба ағамыз ортаға “Алтаевтар ансамбілін шақырамыз” деп хабарлады. Сол кезден бастап, өзіміздің тегімізбен шыға бастадық, – деп ол балалық шағы туралы сыр шертті.
https://turkystan.kz/article/240537-ke-t-rbiesin-k-rmedim-ktem-altaev-otbasy-zhayly-aytylma-an-syryn-b-listi