Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек ері — Төрегелді Шарманұлы 94 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп жазады turkystan.kz.
Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген.
Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі.
Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады, мешел ауруының даму механизімін ашты.
Turkystan.kz сайтының ұжымы марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.
https://turkystan.kz/article/243817-akademik-t-regeldi-sharmanov-mirden-tti