Ақ жаулықты аналар ардақталды

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Халықаралық әйелдер күніне орай ақ жаулықты аналардың шаңырағына арнайы барып құттықтап, құрмет көрсетті.
Солардың бірі – Күлжар Әміреева. Күлжар Халелқызы еңбек жолын 1977 жылы Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінде инженер болып бастаған. 1980-1993 жылдары Жамбыл облысы Халыққа қызмет көрсету басқармасында бас инженер қызметін атқарды. Ал 1993-2002 жылдары Тараз қаласындағы пәтер иелері кооперативінде есепші болып еңбек етті. 2002 жылдан 2025 жылға дейін «Жамбыл су» мекемесінің абоненттік бөлімінде инженер болып қызмет атқарып, саланың дамуына өзіндік үлесін қосты.
Шаһар басшысы арнайы құттықтаған аналардың қатарында Дариғa Ибраимова да бар. Дариға Нышанбайқызы әр жылдары «Жамбылтоп» мекемесінде және «Жасөркен» өндірістік кооперативінде есепші, «Таразэнергоцентр» АҚ-ның химиялық су тазарту электр станциясында аппаратшы болып жұмыс істеп, ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында табанды қызмет атқарды.
Бақытжан Әмірбекұлы мереке иелеріне жылы лебізін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тіледі.
Аналар да өз кезегінде шаһар басшысына шынайы ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын жаудырды.
Comments (0)
Add Comment