АҚ ХАЛАТТЫЛАР АУЫЗБІРШІЛІГІ

Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Ықылым заманнан қазақ ұғымында отбасының орны ерекше.«Отан отбасынан басталады» деген дана халқымыз отбасының қадір – қасиетін жақсы түсіне білген.Ә
Мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін әрбір үйдің, әрбір шаңырақтың береке бірлігі жарасымды, ынтымағы ырысты болуы керек. Сондай-ақ жұмыс орнымыз екінші отбасымыз, күніміздің жартысы жұмыста өткеннен кейін әріптестерде жақыныңдай болып кететіні бәрімізге белгілі.
Осы орайда Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Т.Каликованың ұйымдастыруымен,кәсіподақ төрайымы К.И.Коренованың қатысуымен Саудакент ауылдық ауруханасы, емханасы және Тоғызкент дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлеріне мерекелік тәтті себеттер тарту етті.
Сарысу аудандық ауруханасы бұл мерекені дәстүрге айналдырып,жыл сайын атап өтуде.
Comments (0)
Add Comment