АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АРДАҚТАЛДЫ

Әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ.
Қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірі мен денсаулығының сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен, атқаратын істері мол.
Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сал алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі.
Ел адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін дәрігер мамандығын ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Жыл сайын елімізде маусым айының үшінші жексенбісі Медицина қызметкері күні ретіне аталып өтеді.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкері күні кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Халық сеніміне ие болып, қызметтерін абыроймен атқарып, үздік жетістіктерге жетіп жүрген сала мамандары облыс әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен, «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұзақ жыл денсаулық сақтау саласында еңбек еткен бірқатар сала ардагерлері «Сарысу ауданының Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Сонымен қатар, бір топ кәсіби мереке иелерін «Аманат» партиясы Сарысу аудандық филиалы мен Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алғыс хаттармен, заттай сыйлықтармен марапаттады.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Comments (0)
Add Comment