АИТВ-ның алдын алу бойынша сотталғандарға дәріс өткізілді

Сотталғандар арасында ақпараттық-ағарту жұмысы аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша дәріс өтті.
Дәрісті жүргізген сала мамандары АИТВ-ның таралу жолдары, қорғаныс әдістері туралы айтты, сонымен қатар АИТВ-позитивті адамдарға деген көзқарасты тудыратын жалпы мифтерге тоқталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында хабардарлық деңгейін арттыру және толерантты қалыптастыру. Дәріс соңында қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.

Comments (0)
Add Comment