АИТВ: 400-ден астам атыраулық тіркеуде тұр

«Адам құқықтары жолында дұрыс жолды таңдаңыз!». Осындай ұранмен Атырауда ЖИТС-пен күрестің бүкіләлемдік күніне арналған он күндік науқан жүріп жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Атырау облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының директоры Айгүл Кудаманова баспасөз мәслихатында мәлім етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Онкүндік аясында қаладағы бірнеше оқу орнында кездесулер және адам көп шоғырланатын орындарда акциялар өтуде.

— Аймақта АИТВ инфекциясының алғашқы жағдайы 1993 жылы тіркелген. Қазіргі уақытта диспансерлік есепте 430 адам бар. Оларға инфекционист, фтизиатр, педиатр, гинеколог, дерматовенеролог, нарколог, психолог, провизор мамандары медициналық қызмет көрсетеді. АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында байланысқа дейінгі алдын алу /ДКП/ жүргізілуде. Бүгінде әлемде бұл әдіс қауіпті індеттің алдын алуда өз нәтижесін беретінін дәлелдеген. Орталықта халықты АИТВ инфекциясына тестілеу, емдеу, диспансерлік динамикалық бақылау, АИТВ-мен өмір сүрушілер және түйінді топтарға қажетті зертханалық талдаулар толығымен тегін жүргізіледі, — деді А.Кудаманова.

Онкүндік аясында акцияларға үкіметтік емес ұйымдар, жастар, халықтың түйінді топтарын қатыстыру жоспарланған.

— Бұл онкүндік халық арасында аурудың алдын алу, оны емдеу және осы мәселеге қатысты стереотиптерді жоюға ықпал етеді. Сонымен қатар орталықта өтетін ашық есік күніне келушілер тегін қан тапсыру арқылы өз статустарын біле алады. Акция шеңберінде қала көшелеріндегі бірнеше ЛЭД-экранда АИТВ-ның алдын алу орталығының мекен-жайы және қызмет түрлері көрсетіліп жатыр, — деді орталықтың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Айгүл Мұқанбетқалиева.

Емдеу және алдын алу бөлімінің меңгерушісі Альфия Қарабекованың айтуынша, АИТВ – иммундық жүйені зақымдайтын вирус, оны ерте кезеңде анықтау аурудың алдын алу мен тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді. АИТВ-ны анықтау үшін бірнеше ғылыми дәлелденген әдіс қолданылады.

— Ең кең таралған әдіс – бұл иммундық ферментті талдау. Ол қандағы АИТВ-ға қарсы антиденелерді анықтайды. Инфекция жұққаннан кейін шамамен 3-4 аптадан соң антиденелер белгілі лады. Екінші әдіс — экспресс-тесттер арқылы анықтау. Бұл жылдам және қолжетімді . Онда саусақтан алынған қан немесе ауыз қуысының шырышты сұйықтығы негізінде 15-20 минутта нәтижені көрсетеді. Бұл әдіс медициналық мекемелерде және арнайы акциялар кезінде кеңінен қолданылады. АИТВ-ға тестілеу облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарында, емханаларда, сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған акциялар кезінде тегін әрі анонимді түрде жүргізіледі, — деді ол.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында 116 513 адамның қанына тегін сараптама жасалған.

Сәуле МАҒАУ

Фото: ru.freepik.com

https://atpress.kz/kk/news/densaulyq/200-den-astam-atyraulyk-aitv-z-k-tyrgan?fbclid=IwY2xjawG61alleHRuA2FlbQIxMQABHVfrnlpS5coLcD8gLH0Rc3X4rsBYv4y1YKKdjGGTFdOnsHP8tXEQDVJPDg_aem_VuqJ-mt3HbCK-nSA2OSlVA

Comments (0)
Add Comment