Аға ұрпақты құрметтеу азаматтық парыз

1 наурыз —Алғыс айту күніне орай аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы бастамашыл жастарды қостап, еңбек ардагері Ордабек Қоңырбековтың үйіне барды. Аудан басшысы қариямен шежірелі әңгіме өрбітіп, жастар ардагердің ауласына тазалау жұмыстарын жүргізіп, өнегеге толы сұхбат та жасады. Қария риза болып, батасын берді.
Аудан әкімі жастарға патриоттық тәрбие мен қайырымды болудың маңыздылығын атап, осындай игі шараларды көбейтуді тапсырды.

Сарысу ауданы әкімдігі

Comments (0)
Add Comment