Тіс кіреукесі тек жаман әдеттерден емес бүйрек ауруынан да сарғаюы мүмкін. Бұл туралы тіс дәрігері Владимир Лосев айтты. Ол тіс түсінің нашарлауының тамақтан бөлек себептерін атады деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Лосев тіс сарғаюының ең қарапайым себебі ауыз қуысына нашар күтім жасалуы екенін айтты. Оған щетканы дұрыс үйкелемеу, тазалау уақытын азайту да әсер етеді. Ол тіс кіреукесінің алғашында аппақ болмайтынын айтты және көптеген адамда оның әртүрлі реңкі болады. Дәрігердің сөзінше, адам қартайған сайын тіс түсі нашарлай береді. Мұны зиян әдеттер де тездетеді: темекі шегу, газдалған сусындарға, шарапқа, бояғыштары көп тағамдарға деген құмарлық.
Тіс түсінде су да үлкен роль атқарады екен. Ірі қалалардағы су құрамындағы темір мен микроэлементтер тістің қалпына әсер етуі мүмкін.
«Қатаң диеталар тіс проблемасына әкелуі мүмкін екені бірнеше рет айтылды. Сондықтан салмақпен күреспес бұрын микроэлементтер мен дәрумендердің құрамы бойынша түрлі тамақтарды таңдау керек. Сондай-ақ шырын диеталары мен детокстарды есте ұстаған жөн, өйткені жемістерден алынған қышқыл тіс ауруы дамуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан жаңа сығылған шырындарды тек түтік арқылы ішу керек», – деді тіс дәрігері Владимир Лосев.
Сілекей бездерінің жұмысы тістің күйіне әсер етеді. Кейбір адамдарда сілекей бөлінуінен тісте сарғыш реңк пайда болуы мүмкін.
«Бүйрек және бүйрек үсті безінің аурулары, қан аурулары, флюороз (фтордың артық болуы, мысалы, судың әсерінен) кезінде тістер сарғаюы мүмкін. Антибиотиктерді қабылдау да тіс кіреукесінің түсіне кері әсер етуі мүмкін», – деді ол.