Адамдар неге өтірік айтады?

Адамдардың өтірік айтуы қалыпты үрдіске айналып кеткен. Ал мұның себебі неде? Psyhology Today ғылыми журналы адамдардың өтірік айтуына қатысты нақты дерек келтірген.

Сарапшылардың бірі өтірік айтқан адамның соның шындыққа айналуын тілейді деп санайды. Ал жалпы зерттеу нәтижелері адамдардың өтірік айтуына үш түрлі себеп ұсынады:

  1. Қалағанын алу не орындату үшін;
  2. Өзін қорғау не таныту үшін;
  3. Өзгеге зиян келтіру үшін;

Жазадан құтылып кету үшін өтірік айту балалар үшін мотив болса, ересектер үшін де солай.

Бәрі аздап өтірік айтса да, адамдардың аз ғана пайызы көп жағдайда өтірік айтады. Өтірікшілердің макиавеллизмнің тән белгілерімен бөлісетіні туралы дәлелдер бар: олар басқаларды манипуляциялайды және қанайды; бұл қасиет психопатиямен тығыз байланысты.

 

Comments (0)
Add Comment