АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Басты мақсат — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Адам саудасы бұл ауыр қылмыс және адам құқығын өрескел бұзу болып табылады. Жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар үйде де, шетелде де адам саудасымен айналысушылардың қолынан зардап шегеді. Бұл біз өмір сүріп отырған қоғамдағы жасырын тұрған қылмыс. Күн сайын жүздеген адамдармен кездесетін көшеде ақша сұрайтын балалар мен ересектер осындай сауданың құрбаны болуы мүмкін. Бірақ олар көмек алу үшін қайда шағымданатынын білмейді. Әлемнің барлық елдері адам саудасынан зардап шегеді және бұл қылмыстың құрбаны болуы әбден мүмкін.
Егер сіз адам саудасы фактілермен кездескен жағдайда 102 сенім нөміріне хабарласуыңызға болады.
Comments (0)
Add Comment