Адам өліміне себепкер болған автобус жүргізушісі қамауға алынды

Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен 11 қараша күні сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті А-ға қатысты 2 айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші санкцияланды. Күзетпен ұстау мерзімі 2023 жылдың 9 қаңтар күніне дейін белгіленеді»,- деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.

Comments (0)
Add Comment