«Адал болсаң, басың бәлеге қалады”»: Сәтбаев қаласының тұрғындары пара алды деп ұсталған әкімдерін босатуды талап етті

Сурет Instagram желісінен

Instagram желісінде әкімнің қарындасының жазбасы пайда болды. Мұнда ол ағасының еш кінәсі жоқ екенін және ол керісінше әркез халқымен бірге болғанын жазған.

“Сәлеметсіздер ме, құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары! Қаламыздың әкімі, халық жанашыры Әубәкір Шапағат Момынбайұлына қәзіргі таңда үлкен жала жабылуда. Сондықтанда сіз бен біз болып ,жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші жоғарыда отырған азаматтардан әділдікті халық болып талап етуге шакырамын!”, – делінген жазбада.

Осы жазбадан соң Сәтбаев қаласының тұрғындары жаудыра пікір жазып, әкімді орнына қайтаруды сұрады.



“Мен бұл әкімнің тұрақты адам екенін білемін. Босатады деп сенеміз. Ұзақ жылдар бойы жақсы әкім болған бірден-бір адам”, “Сәтпаевты көтеріп келе жатқан жалғыз әкім еді”, “Жақсы,адал жұмыс та істеуге болмайды біздің елде. Басың бәлеге қалады”, “Халықпен бірге болып, қала үшін қаншама істі қолға алған ең жақсы әкім”, “Бұл жала. Қасым-Жомарт Тоқаев, сізден араша болуыңызды сұраймыз”, “Бұрынғы қала әкімі Ыдырысовпен салыстырғанда қазіргі әкім отыра бермей, жұмысшылармен бірге қаланы үнемі аралап, түйткілді мәселелерді жойды. Көпшілік оны әдепті, адал адам ретінде біледі. Бәлкім, ол біреудің жолын кесіп өтіп, орнына қойған шығар», – деп жазды тұрғындар.

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі ұсталғанын растаған еді.

https://stan.kz/zhalgiz-adal-basshi-satbaev-kalasinin-tyrgindari-para-a-395607/

Comments (0)
Add Comment