Президент: Сіздер «Адал азамат» деген атқа лайықты істерді атқарып жүрсіздер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында осылай деді.
Мемлекет басшысы қазақ халқының кеңпейілдігін атап өтіп, қиналған жанға қол ұшын беру – ұлтымызға тән асыл қасиет екенін айтты.
Президенттің сөзінше, бабаларымыз жақыныңа жанашыр болуды, табиғатты аялауды адамгершіліктің белгісі санаған. Сондай-ақ ынтымақ пен бірлікті сақтап, тату өмір сүруді ұрпағына өсиет еткен.