gov.kz
https://turkystan.kz/article/264821-abaidyn-180-zyldygy-semeide-abai-quiz-respublikalyq-ziiatkerlik-oiyny-otedi
Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен 2 тамызда «ABAI QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Семей қаласындағы «Абай Арена» кешенінде өткізілетін іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 180 команда қатысады.
Ойынның мақсаты — жастардың білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ Абай мұрасын насихаттау.
Қатысу шарттары:
• 18-35 жас аралығындағы жастар;
• 6 адамнан тұратын команда;
• Біркелкі киім стилі;
• Қатысу — тегін;
• Тіркелу мерзімі — 2025 жылғы 25 шілдеге дейін
• Тіркелу сілтемесі: @qazaq_quiz парақшасында
Бас жүлде — 1 000 000 теңге!
Байланыс: Ақнұр Асхатқызы — +7 777 279 10 15
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264821-abaidyn-180-zyldygy-semeide-abai-quiz-respublikalyq-ziiatkerlik-oiyny-otedi