Абай облысының логотипі таңдалды. Ол көпшіліктің көңілінен шықпады

Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды. Міндеттердің бірі – ұлы Абайдың Отанын ағарту мәдениеті тұрғысынан көрсету. Бірегей түс схемасы аймақтың табиғи ландшафтынан алынған.

Екінші және үшінші орын – «Артекс» компаниясы мен жеке тұлға Ш. Ақановтың иелігінде. «Артекс» компаниясының нұсқасында стильдендірілген А және О әріптері Абай облысының аббревиатурасын білдіреді. Ш. Ақановтың жұмысында басты идея – Семей қаласы, Алашорданың астанасы, әйгілі аспалы көпір – облыс сәулет өнерінің маржаны.

Сараптамалық комиссия барлық жұмыстарды эстетикалық және идеялық мазмұн мен визуалды қабылдау тұрғысынан зерттеді. Сондай-ақ логотип пен брендбукты пайдалану бойынша кешенді тәсіл мен ұсыныстар назарға алынды.

Алайда, үздік деп танылған логотип адамдарға ұнамай қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары: “Осындай дизайнерлерді қайдан табады және мұны қалай мақұлдауға болады?», «Автор шрифт негіздерін білмейді», «Өз басым «ABAH» деп оқыдым, түрлі балама бейнелерді емес әріптерді қолданып жасаған соң халыққа ұғынықты болса дұрыс болар еді» деген пікірлер жазып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының үздік логотипі мен брендбук байқауы 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтті. Конкурсқа қатысу үшін барлығы 28 автордан 47 жұмыс келіп түсті.

https://stan.kz/abay-oblisinin-logotipi-tandaldi-ol-kopshiliktin-konili-372545/

Comments (0)
Add Comment