Абай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/264812-abai-oblysynda-zol-apatynan-policiia-qyzmetkeri-qaza-tapty
Жантүршігерлік жол апаты 29 шілде күні таңертең Бозтаев – Первомайская көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі айналма жолға қарай бара жатқан кезде Toyota Highlander маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Hyundai көлігін Абай облысы полиция департаментінің екінші бөлімінің бастығы, 1983 жылы туған полиция подполковнигі Дамир Туражанов тізгіндеген. Жол апаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Жолаушысы, жасы 30-35 шамасындағы ер адам, жедел жәрдем көлігімен Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға ес-түссіз жеткізілді.

Toyota Highlander жүргізушісі зардап шекпеген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264812-abai-oblysynda-zol-apatynan-policiia-qyzmetkeri-qaza-tapty

Comments (0)
Add Comment