Абай облысында жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәресте аман қалмады

Бүгін Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәресте табылған болатын. Денесінің 80 пайызын күйік шалған бір айлық қыз бала ауруханада қайтыс болды.

Бұл туралы бала құқықтарын қорғаушы уәкіл Динара Зәкиева Фейсбук парақшасында:  «Қыз бала 19:40-та көз жұмды. 80 пайыз күйікпен түскен. Абай облысындағы уәкілмен, прокуратурамен байланыстамын», — деп жазды.

 

Ал облыстық прокуратура сотқа дейінгі тергеу ерекше бақылауға алынғанын хабарлады. 

фото ақпарат JQ-Aqparat тан алынды

Comments (0)
Add Comment