Абай облысында ата-әжесі немересімен бірге қатып қалған

Қайтыс болған үш адам жерленді.
Оқыс оқиға Абай облысының Жарма ауданында тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жантүршігерлік оқиға Жарма ауданы Терістанбалы ауылында болды. Жас отбасы 3 жасар баласын ата-анасына қалдырған. Кейін үлкендерді біреулер қонаққа шақырады. Ал олар немересін ертіп алған. Сәлден соң әйел үстелден тұрып, сыртқа шығады. Бұл кезде күн аяз болған. Сәлден соң оның артынан кішкентай немересін ертіп күйеуі шығады.

Қақаған аязда үлкен кісілердің не үшін далаға шыққаны белгісіз. Өкінішке қарай, әйел құлап қатып қалған. Одан кейін күйеуі де дәл солай құлап мерт болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 3 жасар бала көшеде қатты тоңып, айғайлаған көрінеді. Ол да көз жұмған.

Жарма ауданының полиция бөлімі аталған жағдайды растады. Екі күн бұрын қайтыс болған үш адам жерленді.

Comments (0)
Add Comment