№25 мекемесінде сотталғандар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында сотталғандар арасында ұлттық спорттық ойындар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық мұрамызды ұлықтап, салауатты өмір салтын насихаттау және сотталған азаматтардың мәдени-рухани танымын кеңейту, ұжымда сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту.
Сотталғандар асық ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойын түрлері бойынша өзара бақ сынады. Белсенділік танытқан қатысушылар марапатталып, жеңімпаздарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталды.
Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке, бірлікке, ерік-жігерге баулитын мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Comments (0)
Add Comment