Таразда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған облыс активімен жиын өтуде.
Басқосуда Жолдаудан туындайтын міндеттер жайында баяндама жасаған облыс әкімі Асқар Мырзахметов оларды орындау мақсатында облыста атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
– Бюджет қаражатын үнемдеу негізінде 95 алғашқы-медициналық нысанның құрылысын жүргізу мерзімін 8-10 жылдан 3 жылға қысқарады. Құрылысқа жұмсалатын 6,5 млрд.теңге мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2,3 млрд.теңгеге дейін қысқартылып, қаржы едәуір үнемделетін болды, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Баяндама барысында, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарында 121 бастапқы медициналық құжаттама нысандарының 111 электрондық нұсқаға көшкені белгілі болды. Облыс бойынша 11 медициналық ұйымға «Е-Kezek» электрондық кезекті енгізу үшін жергілікті бюджет есебінен 73,0 млн. теңге бөлініп жыл соңына дейін игеріледі.
Қазіргі таңда 43 денсаулық сақтау мекемесінде жалпы 8686 медициналық қызметкер ақпараттық жүйелерде жұмыс жасайды. Ақпараттық жүйелерге 732 946 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. «Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген халық санының 65,9 % құрады. Бұл 2019 жылдың 1 қаңтарына 100 пайызды құрайтын болады.
Қатерлі ісіктердің аурушаңдығын, өлімін төмендету және онкологиялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында облыста онкологиялық диспансерінің құрылысы жүргізілуде. Оған республикалық бюджеттен 250,0 млн теңге, жергілікті бюджеттен 83,0 млн теңге бөлінген.