85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болады – вице-министр (ВИДЕО)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың бұл сөзі көпшілік арасында біраз талқылауға түсті, деп хабарлады turkystan.kz El.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде айлығы төмен маман иелерінің бірі кітапханашылар екені белгілі. Олардың арасында айына 85 мың жалақы алатындар бар. Бұл туралы білім саласындағы академиялық кітапхана басшысы Әлия Шоратқызы мәлімдеген болатын.

Осы орайда, тілші вице-министрден «85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?» деп сұрақ қойып еді, шенеунік:

«85 мың теңгеге өмір сүруге болады. Бірақ әр салада жалақы өсуі керек, қазір біз сол бойынша әдістемемен айналысып жатырмыз» деп жауап берді.

 

https://turkystan.kz/article/230492-85-myn-tenge-zhalakymen-omir-suruge-bolady-vitse-ministr-video/

Comments (0)
Add Comment