83 жастағы қария саяси науқанға қатысты

Президенттік сайлау өтеді дегелі Сарысу ауданының тұрғындары белсенділік танытты.
Бүгін Игілік ауылдық округіне қарасты Өндіріс ауылының тұрғыны, совхозда шофер қызметін атқарған 83 жастағы Орынбек Ақжігітов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Қазыналы қарияның айтуынша, азаматтық парыз жас ерекшелігімен өлшенбейді.
Өзінің міндетін бір кісідей орындаған Орынбек ақсақал саяси науқаннан қалыспай қатысуды жөн санап, еліміз үшін маңызды шешімнің бірін қабылдады.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments (0)
Add Comment