Қонаев қаласындағы «Балдәурен-Қонаев» республикалық оқу-сауықтыру орталығында профессор, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті Нұрша Оразахынованың «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ІІІ халықаралық командалық олимпиадасы өтті.
Білім мазмұнын дамыту институты ұйымдастырған халықаралық олимпиадаға Астана, Алматы қаласы мен Қызылорда өңірлерінен және Моңғолиядан келген 215 оқушы, 60 жетекші қатысты. Іс-шарада 73 команда бақ сынады.
Олимпиаданың ашылу салтанатында ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті В.Грищенко, Білім мазмұнын дамыту институтының директоры Б. Айткаримов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Балтабаева құттықтау сөз сөйледі.
Жарысты білім беру саласының білікті жетекшілері мен педагогтері бағалады.
Қатысушылар еліміздің тілін, мәдениеті мен тарихын білу бойынша күрделі тапсырмалар орындап, жазба жұмыстарында шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде әр номинация және команда бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олимпиаданың соңында барлық қатысушыларға және олардың жетекшілеріне сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы
БМДИ құрылтайшысы
https://turkystan.kz/article/223659-73-komanda-bak-synady-konaev-kalasynda-halykaralyk-olimpiada-otti/