Облыстық арнайы кітапхана республикалық байқауда табысты өнімділік көрсетті

Астана қаласы әкімдігінің Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығына орай «Инклюзивті әлем» республикалық байқауы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен арнайы кітапханалар қатысып, инклюзивті бағыттағы үздік жұмыстарын ұсынды.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы да осы байқауға қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаздар қатарынан табылды:
«Үздік тактильді кітап» номинациясы бойынша Бас жүлде, «Үздік бедерлі макет» номинациясы бойынша II орын иеленді.
Сонымен қатар, кітапхана ұжымы арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Comments (0)
Add Comment