72,3% пайыздан астам Қазақстандық атом энергетикасын дамытуға келісім берген

Ал, экзитполдың алғашқы нәтижелері де шығып үлгерді. СОЦИС-А ұйымының экзитпол нәтижелері бойынша дауыс берушілердің 70%-ы АЭС құрылысын қолдаймын деген таңдау жасаған екен. Қоғамдық саясат институты да экзитпол нәтижесін жариялапты. Оған сүйенсек, референдумға келгендердің 72,3% пайыздан астамы Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға келісім берген.
Шын айтсам, күтпеген нәтиже дей алмаймын. Себебі қоғамдағы көңіл-күйді, ақпараттық алаңды, әлеуметтік желідегі жазбалар мен пікірлерді көріп жүрміз ғой. Көпшілік ішінде АЭС құрылысына қарсы еместер, елдің энергетикалық болашағы үшін алаңдаушылық білдіргендер де баршылық болды.
Ал бастапқыда көңілдерінде күдік болып, сәл сенімсіздік танытқан азаматтар ақпараттық жұмыстардан кейін, мәліметтер мен фактілермен танысқаннан кейін АЭС экологиялық таза, тұрақты энергия көзі екен деген пікірге келе бастады.
Сонымен, референдумға халық өте белсенді қатысқанын айта кету керек. Бірақ бәрінен де белсенділік танытқан оңтүстік өңірлер. Оларда энергия тапшылығы өзекті екенін ескерсек, бұл таң қаларлық жайт емес. Мысалы, Қызылорда облысы тұрғындардың 82,48%-ы референдумға қатысып, ең белсені аймақ атанды. Одан кейін көшті Түркістан, Шымкент, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай мен ШҚО сияқты аймақтар 70%-дан аса қатысу белсенділігімен жалғап тұр.
Естеріңізде болса, жыл басында президент сұхбатында АЭС-тің маңыздылығы жайында айтқан болатын. Содан белсенді ақпараттандыру жұмыстары басталып кетті, әсіресе соңғы кездері жұмыс қарқынды жүрді. Нәтижесін өзіміз көріп отырмыз.
Әрине, қарсылық білдірушілер де болды, бар да. Алмасадам Сәтқалиев айтқандай қолдамайтындар патриот емес деуден аулақ болуымыз керек. Олар да елге жанашырлықпен өз таңдауын жасады. Бірақ олардың аргументтері әлсіз шықты. Олардың қарсылықтары АЭС-тің артықшылықтары туралы ғылыми фактілердің көлеңкесінде қалып кетіп жатты. Азды-көпті аргументтері АЭС қауіпті деген күдіктің айналасында болғанын көрдік қой. Жұрт қазіргі заманауи АЭС-тер қай жағынан алып қарасаң да қауіпсіз, тұрақты әрі берік деген сарапшы-ғалымдардың пайымына иланғаны көрініп тұр.
Жалпы осы, әзірше экзитполдан кейінгі нәтиже осындай. Соңғы нәтижені күтеміз енді. Аса айырмашылық жасай қоймас. Қалай болғанда да қолдау білдірушілер саны айтарлықтай басым екені байқалды. Соған қарағанда АЭС-тің артықшылықтарын түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстары нәтижелі болғаны ғой.
Comments (0)
Add Comment